Қоңырат Байлар-Жандар Шежіре
Кіру
← Барлық жаңалықтар
·Жорабаев Нұралы Мүсәліұлы·

Республика күні құтты болсын!

Республика күні құтты болсын!

25 қазан – Республика күні құтты болсын!

Бұл күн – еліміздің тарихындағы ерекше маңызды мереке. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-інің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданып, Қазақстанның тәуелсіздікке бастар жолына негіз қаланды.

Туған жеріміздің тыныштығы, еліміздің бірлігі мен халқымыздың ынтымағы – бәріміз үшін қымбат құндылықтар. Еліміздің болашағы жарқын болып, тәуелсіздігіміз нығая берсін!

Осы мерейлі күні барша ағайынға зор денсаулық, отбасыларына амандық, құт-береке тілейміз. Еліміз өсіп-өркендеп, Қазақстанымыз әлемге танылған, абыройы асқақ мемлекет болсын!

Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!