Ералхан Әбішевтің «Бөртемай» концерті көрерменнің ыстық ықыласына бөленді

Ералхан Әбішевтің «Бөртемай» атты жеке концерті аншлагпен өтті
17 қазан күні Шымкент қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, өнердегі бауырымыз Ералхан Әбішевтің «Бөртемай» атты жеке концерті өтті.
Кеш өте жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен ерекше әсер сыйлады. Зал лық толы болды. Көрермендердің ыстық ықыласы мен шынайы қошеметі әншіге деген құрметтің айқын көрінісіндей болды.
Ералхан бауырымыздың өнеріне тәнті болып, осындай әдемі кештің куәсі болған барша көрерменге де алғыс айтамыз. Өнер адамы үшін халықтың ықыласына бөленіп, елдің жүрегінен орын алудан асқан бақыт жоқ шығар.
Қымбатты бауырымыз Ералхан, өнер жолың әрдайым ашық болсын! Шабытың шалқып, шығармашылығың өрлей берсін! Әлі талай биіктерді бағындырып, көрермендеріңді қуанта бер. Халықтың махаббаты мен қошеметіне бөленіп, абыройың асқақтай берсін!
Осындай қуанышты сәттерің көп болсын, бауырым! Өнеріңе береке, еңбегіңе жеміс, алдағы жолыңа толағай табыс тілейміз!