Күш додасы
Абат ата кесенесіндегі «Күш додасы»
11 қазан күні сағат 9:30-да Абат ата кесенесінің аумағында күш спортының үш түрінен жарыс басталады. Қатысушылар гир көтеру, қол күресі және қошқарды көтеріп отырып-тұру бойынша өз күштері мен шеберліктерін сынайды.
Жарыс жеңімпаздарын бағалы жүлделер күтеді!
Қошқарды көтеріп отырып-тұру сайысы бойынша бірінші орын алған қатысушыға тірі қошқар сыйға беріледі.
Гир көтеру және қол күресі бойынша әр спорт түрінің жеңімпаздарына мынадай ақшалай сыйлықтар қарастырылған:
* 🥇 1-орын — 100 000 теңге * 🥈 2-орын — 50 000 теңге * 🥉 3-орын — 30 000 теңге
Қатысушыларға маңызды ескерту!
Жарысқа қатысқысы келетін азаматтар 11 қазан күні таңғы сағат 9:30-ға дейін тіркеуден өтуі қажет. Тіркеу жарыс басталғанға дейін аяқталады.
Барша күш сынасамын деген азаматтарды жарысқа қатысуға, ал ағайын-туысты қолдап, тамашалауға шақырамыз!
Күштілер сынға түсіп, мықтылар жеңіске жетсін!