Қоңырат Байлар-Жандар Шежіре
Кіру
← Барлық жаңалықтар
·Жорабаев Нұралы Мүсәліұлы·

Шежіредегі жаңа қадам.

Шежіреде әйелдер мен қыздардың есімдерін қалай сақтаймыз?

Оңласын Мақсұтов өзінің жаңа бейнеролигінде сайттағы шежіреге аналарымыздың, жарымыздың және қыздарымыздың есімдерін енгізу мүмкіндігі туралы түсіндіреді.

Шежіренің негізгі сызбасы әке жағынан тарайтын ұрпақ желісі бойынша құрылған. Сондықтан әйелдердің есімдері жалпы шежіре ағашында көрінбейді.

Дегенмен бұл олардың мәліметтері сақталмайды деген сөз емес. Енгізілген әйелдердің есімдері жеке кабинетте сақталады. Сол жерден өзіңіздің жарыңыздың, қыздарыңыздың және отбасы мүшелерінің мәліметтерін көре аласыз.

Бұл — отбасы тарихын толық сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізуге мүмкіндік беретін маңызды жаңалық.

Әйелдердің есімдерін қалай енгізуге болады және сайтта бұл мүмкіндік қалай жұмыс істейді? Барлығын Оңласын Мақсұтовтың жаңа бейнеролигінен көре аласыз.