Қоңырат Байлар-Жандар Шежіре
Кіру
← Барлық жаңалықтар
·Жорабаев Нұралы Мүсәліұлы·

Кешегі күн - бүгін тарих.

2026 жылғы 12 сәуірде Шардара қаласында Астаналық ағайындарымыздың ұйымдастыруымен өткен астың бейнежазбасын назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл күн — ағайынның бас қосып, бір дастарқаннан дәм татып, өткенді еске алып, өзара әңгімелесіп, жақын таныса түскен ерекше күн болды.

Еліміздің әр өңірінде өмір сүріп жатқан Байлар Жандар ұрпақтарының осылай бас қосуының мәні зор. Алыста жүрген ағайынның бір-бірімен танысып, аралас-құраластығын арттыруы, үлкендердің батасын алып, кейінгі ұрпақтың өзара жақынырақ танысуы — туыстық байланысты одан әрі бекемдей түседі.

Осындай кездесулер арқылы бұрын бір-бірін танымай жүрген ағайындар танысып, жаңа қарым-қатынастар қалыптасады. Бүгінгі жүздесу — ертеңгі жақсы естелік, ал осы естеліктер кейінгі ұрпаққа жалғасатын алтын көпір.

Осы игі істің ұйытқысы болып, алыстан ат терлетіп, Шардарада ағайынның басын қосқан Астаналық ағайындарымызға шын жүректен алғыс айтамыз! Елдің әр түкпірінде жүрген туыстарды бір арнаға тоғыстырып, осындай жылы кездесуге себепкер болғандарыңыз үшін ризашылығымыз шексіз.

Ағайын арасындағы сыйластық пен береке артып, басымыз қосылатын қуанышты күндеріміз көп болсын!

Бірлігіміз бекем, ағайынның арасы ажырамас болсын!